Санатсыз

Қазақстан енді «Тальго» вагондарын сатып алмайды

Қазақстан «Тальго» вагондарынан бас тартып жатыр. Жаңа вагондар сатып алу жоспарланбаған, ал қолданыстағылары пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжановтың айтуынша, қазіргі таңда 14 бағыт бойынша «Тальго» үлгісіндегі 14 құрам жүріп тұр. Барлығы шамамен 732 вагон. 2023 жылдан бастап Қазақстанда бұл вагондардың өндірісі тоқтатылған.

«Тальго» вагондары шығарылған зауыт сатып алынды және енді Stadler вагондарын шығарады. Жаңа «Тальго» вагондарын сатып алу жоспарда жоқ, қазіргі құрамдар пайдалану мерзімі біткенге дейін қызмет етеді», – деді комитет төрағасы.

Тайжановтың айтуынша, басты назар отандық өндірістегі вагондарды сатып алуға бағытталған.

Бүгінде Қазақстанда екі зауыт – ЗИГ-100 және Stadler Kazakhstan жұмыс істейді.

Фото: tulpartalgo.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button