Санатсыз

ҚМДБ Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт қарсаңында қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Құрметті жамағат!

Аллаға шүкір, қасиетті Құрбан айт мейрамына санаулы күндер қалды. Осы ұлық мереке қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрбан шалу рәсімін оңайлату және әділ ұйымдастыру мақсатында qurban.muftyat.kz ресми онлайн платформасын іске қосты. Бұл сайт арқылы құрбандық шалғысы келген әр азамат құрбандық малын таңдап, қаражатты қауіпсіз түрде аудара алады.

Өкінішке қарай, биыл құрбан шалу рәсімін оңайлату үшін ҚМДБ тарапынан жасалған игі бастаманы теріс мақсатта қолданып, түрлі алаяқтық әрекеттері орын алуы ықтимал. Осы себепті еліміздің азаматтарын қорғау мақсатында маңызды ескерту жасаймыз:

Құрбан айт мерекесі кезінде өздерінің теріс мақсаттарын жүзеге асыру үшін кейбір белгісіз азаматтар мен ұйымдар жалған құрбандық сайттарын ашып, халықты адастырып, құрбандыққа аударған қаражаттарын өзге мақсатқа пайдаланып кетуі мүмкін. Сондықтан баршаңызды абай болуға шақырамыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тек сенімді qurban.muftyat.kz ресми платформасы арқылы құрбандық шалуға шақырады. Күмәнді сайттар мен беймәлім адамдардың ұсыныстарынан сақ болыңыздар. Бұл сіздің қаражатыңыз бен ниетіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты жолы.

Алла Тағала баршаңыздың құрбандықтарыңызды қабыл етіп, ізгі ниеттеріңізді арттырсын! — делінген ҚМДБ хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан бойынша Құрбан айт намазының кестесі жарияланған болатын.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button