Санатсыз
Құрбан айт намазының кестесі жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл еліміз бойынша Айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. ҚМДБ сол күні оқылатын Құрбан айт намазының уақытын бекітті.
Мұсылмандардың көбі 6:00-де оқиды. Абай облысы мен ШҚО тұрғындары үшін ғана 7:00-де екен. Ал Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау және Павлодар облысы үшін Айт намазының уақыты – 6:30.
Бұған дейін діни басқарма Құрбан айт мейрамы басталатын күнді жариялаған еді.
Фото: astanatv.kz