Санатсыз
Доллар бағамы 2,6 теңгеге арзандады

8 қыркүйектегі доллар бағамы белгіленді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 535,13 теңге болып, 2,64 теңгеге төмендеді.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 8 қыркүйектегі ресми бағамы — бір доллар үшін 537,91 теңге.
kurs.kz деректері бойынша қазір Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы мынадай:
Астана бойынша:
- сатып алу — 534,00 теңге;
- сату — 539,15 теңге.
Алматы бойынша:
- сатып алу — 536,35 теңге;
- сату — 538,29 теңге.
Фото: ашық дереккөз