Санатсыз

Елімізде көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы қайта қаралатын болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Президенттің әлеуметтік төлемдерді бірізділендіру жөніндегі тапсырмасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айталық, Астанада алты баласы бар көпбалалы отбасы 2,7 млн теңге алады, ал басқа өңірлерде 273 мың теңге. Бұл тоқсан сайын төленетін сома. Қазір осы шара әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету үшін қайта қаралады. Тапсырманы енді ғана алдық, — деді Светлана Жақыпова Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.

Министрдің мәлімдеуінше, аталған мәселе Үкімет отырысында қаралып, мақұлданады.

Қазір министрлік экономикалық блоксыз, жалғыз өзі шешім қабылдай алмайды. Ол Астана деңгейіне теңестіріле ме, әлде ең төменгі көрсеткішпен төлеп отырған өңірге сәйкестендіріле ме, немесе орташа көрсеткіш алына ма, бұл жағы әлі анықталған жоқ, — дейді ведомство басшысы.

Фото: uralskweek.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button