Санатсыз

Трамп: Өте жақын арада Газа бойынша келісімге қол жеткіземіз

АҚШ президенті Дональд Трамп Газа секторында атысты тоқтату туралы келісімге жақын арада қол жеткізуге болатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, басты шарт – тұтқындарды, оның ішінде қаза тапқандарды да, Израильге қайтару, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Bild басылымы жазды.

Менің ойымша, біз өте жақын арада Газа бойынша келісімге қол жеткіземіз, – деді Трамп.

ХАМАС делдалдар арқылы АҚШ-тың ұсыныстарын алғанын растады, бірақ келіссөздердің басты шарты ретінде Израиль әскерін Газадан шығаруды тағы да талап етті. Бұған дейін Трамп «соңғы ескерту» жариялап, бұдан әрі ешқандай жеңілдік жасалмайтынын баса айтқан болатын.

Журналистерге берген сұхбатында Трамп Ресейдің Украинаға қарсы соғысы тақырыбын да қозғады. Ол алдағы күндері Вашингтонда Еуропа лидерлерімен кездесіп, дағдарысты талқылайтынын және Владимир Путинмен де сөйлесетінін мәлімдеді.

Онда болып жатқан жағдайға көңілім толмайды. Біз бұл мәселені реттейміз деп сенемін. Бірақ мен оларға риза емеспін. Бұл соғысқа байланысты ештеңеге көңілім толмайды, – деді АҚШ президенті.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button