Санатсыз

«Тыйым қайда?!»: Әнші Айдана Меденованың қызы мектепке хиджабпен барған

Тележурналист Жазира Бегалы әнші Айдана Меденованың қызының мектепке хиджабпен барғанын айтып, Оқу-ағарту министрлігіне үндеу жолдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Sadaq.kz сайтының жазуынша, журналис елімізде мектепке діни киім киюге болмайды деген тыйым бар екенін айтқан. Алайда белгілі адамның баласына бұлайша артықшылық беру балалардың құқын бұзу болып есептеледі.

Әнші Айдана Меденованың әлеуметтік желілерде бейнежазбасы жария болды. Қызы хиджаб киіп, мектепке кедергісіз кірді. Тыйым қайда?! Бұл Оқу-ағарту министрлігіне сұрақ. Ал қарапайым адамның баласын мектепке жолатпай, “Рұқсат жоқ” деген заңды әке-шешесінің бетіне басып, оқушыны білім ордасынан қуып шығады. Мен кәмелет жасқа толмаған баланың хиджаб кигенін қолдамаймын. Министрлікке сұрағым бар. Заң мен талап – баршаға ортақ. Атақты адамның баласына хиджаб киюге неге ешкім тыйым салмайды?! Ал қарапайым жандардың жүйкесін мұғалімдер мүжиді. Әділдік қайда?! Ата-анасы атақты балаға хиджаб киюге рұқсат беру бұл алалау емес пе?! Министрлік балалардың құқығын бұзуға неге жол берген?! Заң баршаға ортақ болу керек, – деп жазған журналист.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button