Санатсыз

Қатар астанасында жарылыс болды

Қатар астанасында соққы жасалған ғимаратта палестиналық ХАМАС қозғалысы басшылығынан кемінде 4 адам болған. Бұл туралы Al Hadath телеарнасына сілтеме жасап ресейлік ТАСС хабарлады.

Телеарна дереккөзінің хабарлауынша, ХАМАС-тың Газа секторындағы көшбасшысы мен келіссөздер тобының жетекшісі Халиль аль-Хейя, қозғалыстың шетелдегі кеңсесінің басшысы Халед Машааль және радикалдардың Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы ұяшығының қолбасшысы Захер Джабарин Израиль шабуылы салдарынан мерт болды.

Al Hadath дереккөздері сонымен қатар ХАМАС-тың саяси бюросының мүшесі Низара Аудаллының да көз жұмғанын растады.

Соққы берілген сәтте ғимаратта қозғалыс басшылығының тағы бір мүшесі Гази Хамад та болды, — деп хабарлады телеарна.

Алайда оның тағдыры туралы қандай да бір мәлімет жоқ.

Осыған дейін ХАМАС-тың шұғыл келіссөз өткізуге дайын екенін мәлімдегені туралы жаздық.

Фото: euronews.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button