Санатсыз

Сорбұлақ: Мәжіліс депутаты Қасқарауов экологиялық қатерге назар аударды

ҚР Мәжіліс депутаты Данияр Қасқарауов Алматы облысындағы Сорбұлақ су қоймасына қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді. Ол Премьер-министрге жолдаған сауалында бұл мәселені Үкіметтің ерекше бақылауына алуды сұрады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Қоймада қазір 750 млн текше метрге жуық су бар. Қасқарауовтың айтуынша, төтенше жағдай орын алса, жақын ауылдарға төнген қауіппен қатар, Іле өзені, Қапшағай және Балқаш су айдындарына да зиян келуі мүмкін.

Зертханалық тексерулер Сорбұлақ суынан 31 түрлі зиянды зат пен ауыр металл анықтаған. Әсіресе кадмий көрсеткіші нормадан бірнеше есе жоғары. Бұл экология мен халық денсаулығына ұзақ мерзімді қауіп төндіреді.

Депутат мәселені шешу үшін жаңа тазарту станцияларын салу, мемлекеттік комиссия құру және суды ауыл шаруашылығына тиімді пайдалану қажет екенін айтты.

Фото:

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button