Санатсыз

Бокстан Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды

Бүгін – 15 қыркүйекте Ливерпульде (Ұлыбритания) бокстан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додада 7 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 1-орынға ие болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Алтын медаль иегерлері:

  • Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін);
  • Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін);
  • Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін);
  • Аида Әбікеева (65 келіге дейін);
  • Наталья Богданова (70 келіге дейін);
  • Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін);
  • Айбек Оралбай (90 келіден жоғары).

 Күміс медаль:

  • Назым Қызайбай (48 келіге дейін).

Қола медаль:

  • Виктория Графеева (60 келіге дейін);
  • Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары).

Жалпы есепте Қазақстаннан кейінгі орындарды:

  • Өзбекстан (6 алтын, 2 күміс, 3 қола) – екінші орын,
  • Үндістан (2 алтын, 1 күміс, 1 қола) – үшінші орын иеленді.

Бұл нәтиже Қазақстан боксы тарихындағы ең ірі жетістіктердің бірі болып саналады.

Фото: Gov.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button