Санатсыз
«Көзі аларып тұрады»: Әнші Бүркіт кімдерге ашулы

Белгілі әнші Бүркіт адамдардың бір-біріне деген сыйластығы жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Өнер иесі көлікте ашуланатын жолаушыларды да атап өтті.
Менің айтайын дегенім, халық неге қатыгез болып кеткен?! Машинамен балаңды, туған-туыстарды тасисың. Мектепке әкелген кезде кептеліс жасамау үшін ыңғайланып тұруға әрекет жасап жатасың. Бірақ артыңдағы көлікке кедергі болып қаласың. Сол кезде күтпей, айқайлап, сигнал басып жатады. Терезесін ашып, сенімен ұрысқысы кеп тұрады. Көзі аларып тұрады. Бір-бірімізге құрмет, сабыр қайда?! Сыйластық керек қой?! Мен күлем де қоям. Басқа ештеңе істей алмайын, – деп жазды әнші.
Фото: ашық дереккөз