Қоғам

Нығматулинге іздеу жарияланды

Мәжілістің экс-төрағасы Нұрлан Нығматулиннің 69 жастағы ағасы Арғын Зайруллаұлына іздеу жарияланды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ол – Ерлан мен Нұрлан Нығматулиндердің үлкен ағасы. Қарағанды ​​облысы мәслихатының экс-депутаты.

Фото: коллаж Sn.kz

Күдікті туралы ақпарат Бас прокуратураның «қылмыскерлерді іздеу» бөлімінде жарияланды. Ресми дереккөз оны іздеуге бастамашы болған прокуратура, ал іздейтін – Антикор екенін жазды.

Қазақстан Республикасының азаматы, 1955 жылы туған, қазақ. Іздестіру ісі 03.03.2025 жыл. Бас прокуратура Қарағанды облысындағы хоккей спортының дамуына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша Ниғматулин А.З. және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тергеуде. Тергеу барысында Нығматулин А.З. күдікті деп танылды, соттың санкциясымен оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылады. Оның Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына байланысты іздеуге жарияланды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды. Бастамашы — прокуратура. Іздестіруді жүргізетін орган – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, — деп жазылған ақпаратта.

Еске салсақ, Нұрлан және Ерлан Нығматулиндердің ағасы Арғын Нығматулин «Сарыарқа» Қарағанды хоккей клубының негізін қалап, кейін оны басқарған. Алайда 2018 жылы клубтың директорлығынан кеткен.

Фото: shaiba.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button