Қоғам

ҰБТ басталды: Көктемнің алғашқы күнінде 775 оқушы сынақ тапсырады

Қазақстанда ҰБТ басталып, 6 сәуірге дейін жалғасады. Қазір тест тапсыруға 163 мыңға жуық адам өтініш білдірген, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Оқушылардың 76%-ы тестті қазақ тілінде, 23,9%-ы орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тапсырмақ.

Өтінімдерді тапсыру кезінде талапкерлер тестілеу күнін, уақыты мен орнын өз бетінше таңдады. Бірінші күні республика бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады, – деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығынан.

Көбіне оқушылар «Биология-химия» пәнін таңдады – 17,5%. Бұл пәндерді таңдап, дәрігер, мұғалімдер, ауыл шаруашылығы мамандығына түседі. Одан кейін болашақ инженерлер мен IT мамандары «Математика-Физика» пәнін таңдады, ол – 17,1% және «Математика-Информатика» – 10,5%.

ҰБТ-да тапсырмалар саны 120, оның ішінде «Қазақстан тарихы» бойынша 20, «Оқу сауаттылығы» бойынша 10, «Математикалық сауаттылық» бойынша 10 және екі арнайы пән бойынша 40 тапсырма. Ең жоғары ұпай – 140.

Тестілеу уақыты: 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.

Наурыздағы ҰБТ-ға жоғары оқу орындарына күндізгі оқу нысаны бойынша ақылы негізде шартты түрде түскендер, өткен жылдардағы мектеп пен колледждерді бітіргендер, Қазақстан азаматы болып табылмайтын қазақстандықтар, сондай-ақ жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуді жоспарлаған түлектер қатысады.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button