Оқиға
Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жасөспірімді күйік шалды

Маңғыстау облысы ТЖД мәліметінше, оқиға Жаңаөзендегі Шаңырақ шағын ауданында болған. Қалалық мешіт аумағында салынып жатқан жаңа ғимараттың кіреберісінен өрт шыққан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қызыл жалын жалпы аумағы 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт бірден сөндірілген. Оқиға салдарынан 2013 жылы туған баланы күйік шалып, ол ауруханаға жеткізілген.
12 жасар жасөспірім бала зардап шекті. Бала бет, мойын, қол, бел және тыныс алу жолдарының күйіктерімен ауруханаға жатқызылды. Дененің 15-17%-ы зақымдалған, оның жағдайы орташа. Өрт сөндірушілер өрт сөндіруде жоғары дәрежеде жұмылдырылды. Өрт сағат 18:10-да сөндірілді, – делінген ТЖД хабарламасында.
Фото: видеодан скриншот