Санатсыз

Көмірқышқыл газынан уланған: БҚО-да бір отбасының 5 баласы қаза тапты

Батыс Қазақстан облысы ТЖД 112 пультіне Сырым ауданы Жымпиты ауылында Сағырбаев көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz БҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына қоңырау түскеннен кейін 5 минутта жеткен.

Келгеннен кейін үйде 30 ш. м. алаңда жеке заттар мен басқа жиһаздар жанып жатқаны анықталды.

Құтқарушылар 5 баланы ес-түссіз күйде тапты. Өкінішке қарай, балалар ауруханада қайтыс болды.

Өрт толығымен сөндірілді. Жергілікті жерде БҚО ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеуде.

Шақырту орнына ТЖД басшылығы, зерттеу сынақ өрт зертханасы, анықтау бөлімі және ТЖ департаментінің психологы аттанды.

Фото: ТЖМ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button