Санатсыз
Тоқаев Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қатар астанасында жарылыс болғанын жазған едік.
Фото: Ақорда