Экономика

Трамптың мәлімдемесінен кейін биткоин құны шарықтап кетті

АҚШ президенті Дональд Трамптың елдегі криптовалюталардың стратегиялық резервін құру туралы мәлімдемесі биткоин бағасының шарықтауына себеп болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Сауда көлемі бойынша ең ірі криптовалюта биржасы Binance-те биткоин 22:23-тегі бойынша бір күнде 7,62% өсіп, 91 530 долларға жетті. Трамптың мәлімдемесіне дейін биткоин 85 000 доллар шамасында саудаланды, ал жұмада ол 80 000 доллардан төмен еді.

20-дан астам биржадағы орташа бағаны есептейтін CoinMarketCap мәліметтері бойынша, биткоин бағасы 7,93% өсіп, 91 724 доллар болды.

Айта кетейік, Трамп елдің криптовалюталарының стратегиялық резервін құру туралы жарлық жариялаған еді. Трамптың Truth әлеуметтік желісіндегі жазбасына сәйкес, жаңа криптовалюта резервіне Cardano (ADA), Solana (SOL), Ripple (XRP) сияқты криптовалюталар кіреді. Кейінірек ол Bitcoin және Ethereum АҚШ-тың стратегиялық криптовалюта қорының негізін құрайтынын қосты.

Фото:elements.envato.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button