Қоғам

Антикор Арыстанбек Мұхамедиұлын сотқа бермекші

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының «Дипломат» қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алып, үшінші тұлғаларға қайта жазуға мәжбүрледі деген ақпаратын жоққа шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін «Дипломат» қонақ үйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді, — деп жазылған агенттіктің хабарламасында.

Антикор Мұхамедиұлының әрекетін сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару деп бағалады.

Қазір жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр.

Фото: ulysmedia

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button