Экономика

Орташа айлық жалақысы жоғары өңірлер аталды

Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңге болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі:

құрылыста – 34,5%,

ақпарат және байланыста– 30,3%,

тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.

Ал нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.

Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсім Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.

Атаулы мәнде Атырау облысындағы ең үлкен жалақы мөлшері – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да – 241 102 теңге.

Фото: aikyn.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button