Шоу-бизнес

Шахизаданың өзінен 18 жас кіші төртінші күйеуі өз әйеліне қайта қосылған

Белгілі әнші Шахизада көпшілікке сүйіктім деп таныстырған Ерболат Ержанбаев келіншегімен қайта қосылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Stan.kz сайтының жазуынша, өнер иесі көпшілікке келіншегін таныстырып, бірге бейнебаянға түсті. Осылайша әнші өзі жайлы қауесетке нүкте қоймақ.

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы есімі Мереке. Елі – Қоңырат, Құлшығаш (Шымкент сити). Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы. Айтпақшы, осы уақытқа дейін инстаграм парақшасы болмаған. Көп сынай бермеңіздер, менің келіншегім актриса емес, жай қарапайым мұғалім. Өзім осы видеоға түсші деп ұсыныс жасадым. Әрине, түсуге қысылды, – деп жазды Ерболат Ержанбаев.

Көпшілікке Шахизаданың сүйіктісі боп танылған әнші әйелімен бақытты екенін айтқан соң желі қолданушылары эстрада жұлдызымен қарым-қатынасы туралы сұрақтарды жаудырды.

“Шахизада не болды?”, “Шахизаданы халыққа өзін таныту үшін пайдаланды”, “Шахизада қайда?”, “Қатыны кім екенін өзі де білмей жүрген сияқты”, “Осыған тұрмысқа шыққанын айтып әлемге жар салған жоқ па, Шахизада ханым”, “Түсініксіз болып кетті”, – деп жазды желідегілер.

Оқырмандардың бірі әншінің отбасына қайтып оралғанын құп көрсе, енді бірі екі әйелдің ортасында тұрақтай алмады деп сынға алды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button