Шоу-бизнес

Әнші Сиви Махмуди төсіне ота жасатқанын айтты (ВИДЕО)

Әнші Сиви Махмуди “Жұлдызды weekend” бағдарламасына берген сұхбатында жол апатына түскенін, денсаулығы сыргенін жайып салды, деп жазады Qazaqinfo.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, оқиға Шымкент қаласында болған.

Көлік апатынан бір ай бұрын мұрныма ота жасатқан едім. Бала күнімнен дұрыс тыныстай алмаймын. Біраз жыл ойланып, ота жасауға келісімімді бердім. Өзбекстандық дәрігерлер мұрнымның қызметін қалпына келтіріп берді. ”Енді мұрным жақсарды дегенде жол апатына түстім. Рөлде досым болатын, орталық көшенің қақ ортасында ешқандай машинамен соқтығыспай, арыққа түсіп кеттік. Мен отырған жаққа қатты тиді. Содан кейін қайтадан ота жасауға тура келді. Оған дейін төсекке дұрыс жатып, мұрнымды сақтап, күтіндім. Үнемі қорқынышпен жүретінмін. Оқиға болғанда басым емес, мұрныммен соғылдым. Сол кезде екінші рет сынды. Машинаның есігі ашылмай қалды. Мұрнымнан шелектеп қан кеткенін көрдім. Есімді жинай алмай қалдым. Көшеден өтіп бара жатқан адамдар көмектеспек болып есікті жұлқылап жатыр. Бір кезде жанар-жағармай бекетінде жедел жәрдем машинасы тұр екен, солар келіп көмектесті, – дейді әнші.

Сондай-ақ, өнер иесі төсіне де ота жасатқанын жасырмады. Сәндік үшін емес, ісік пайда болған көрінеді.

Омырауымды сән қуып өзгерткен жоқпын. Денсаулығым сыр бергесін мұрынның алдында жасаттым. Ісік пайда болды. Соны алдырттым. Бірақ отадан кейін төсімнің формасы өзгергенін байқадым. Босанған әйел болғасын омыраудың өзгеруі – заңдылық. Басқа қыз-келіншектер секілді сән қуып өзгертпедім. Қазір ақырындап денсаулығым қалпына келіп жатыр, – деді әнші.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button