Үкімет

Бір қарызды екінші қарызбен жамап жүрген халықпыз – депутат

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев қазақстандықтардың төлем қабілеті төмендеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі талқыланды.

Халықтың мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауға тәуелділігі әлі де жоғары деңгейде екені байқалады. Еліміздегі әрбір азаматтың еңбек табысының үштен бір бөлігі осы қолдаумен жамалып отыр. Бұл пандемияға дейінгі кезеңнен едәуір жоғары (2022 жылы – 31%, 2018 жылы – 29%, 2015-2016 жылдары – 23%).

Оған қоса, халықтың несие алу деңгейі де өте жоғары. Мысалы, 2022 жылы тұтынушылық несие 30%-ға, яғни 13,2 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдермен шамалас қаражат, яғни аталған көрсеткіш – халықтың төлем қабілетінің төмендеуінің көрсеткіші, яғни бір қарызды екінші қарызбен жамап жүрген халықпыз, — деді Елнұр Бейсенбаев.

Оған қоса, депутат Қазақстанда жұмыссыздық мәселесі де өзекті екенін айтып, ресми статистикалық көрсеткішке күмән келтірді.

Бұл көрсеткіш соңғы бес жылда 5% шамасында сақталып отыр. Бұл көрсеткішке ешкімнің сенбейтіні анық. Алайда, тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың шынайы деңгейі 10%-дан кем емес. Бұл – кемі 900 мың адам деген сөз, яғни екі есе көп, ал бюджеттен бөлінетін қаржы тек уақытша жұмыс орындарын ашуға, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтау үшін жұмсалып отыр, — деді депутат.

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button