Үкімет

Қазақстанда АЭС-ті қай ел салуы мүмкін

Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстанның атом электр стансасы» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин АЭС құрылысына қатысты шорт-парақшаға қай елдер кіргенін атады, деп хабарлайды Kazinform.kz.

2019 жылы біз ең озық шетелдік атом технологияларын жеткізушілерден міндетті емес техникалық-коммерциялық ұсыныстарды алу бойынша маркетингтік процедураны жүргіздік. Нәтижесінде Қытайдан, Оңтүстік Кореядан, Ресейден, Франциядан және АҚШ-тан 6 вендордан 13 заманауи реактор жобасын алдық. Ұсынылған технологияларды алдын ала бағалау үшін әлемдік тәжірибе мен МАГАТЭ ұсынымы негізінде өзіміздің бағалау жүйемізді әзірледік. Оны Францияның танымал Assystem инжиниринг компаниясы мақұлдады, — деді ол.

Тимур Жантикиннің дерегінше, осыдан кейін 4 жеткізуші шорт-парақшаға енгізілген:

 PR1000 реакторымен қытайлық CNNC компаниясы;

 APR1000 және APR1400 реакторларымен корейлік KHNP компаниясы;

 ВВЭР-1200 реакторымен ресейлік Росатом компаниясы;

 PR1200 технологиясымен франциялық EDF компаниясы.

Серіктестер ұсынысы негізінде технологияларды таңдаудан бөлек жобаның шамамен құны, оның мерзімі, қаржыландыру әдістері мен көздері туралы түсінік қалыптасты, — деді серіктестік бас директоры.

Фото: gurk.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button