Оқиға
Астанада сәбиін құшақтаған ана 12-қабаттан секіріп кеткен
Астанада 12-қабаттағы терезеден әйел мен бала құлады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 9 маусымда түскі сағат 14.19-да болған. «102» нөміріне Сығанақ көшесіндегі үйдің 12-қабатының терезесінен бала мен әйел құлағаны туралы хабар түскен.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Әйел алған жарақатынан сол жерде жан тапсырған, ал бала ауруханада көз жұмды.
Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
Фото: видеодан скриншот