Оқиға

Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 4 бала қаза тапты

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Талды ауылында жеке үйде өрт шығып, балалар қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Өрт салдарынан 2019, 2020, 2021, 2022 жылдары туған 4 бала қайтыс болды. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған.

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.

Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр, — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button