Қоғам

Қаңтар оқиғасы: Талдықорғанда ер адамды азаптап өлтірген экс-полицей 10 жылға сотталды

Талдықорған қалалық соты Қаңтар оқиғасына қатысқан күдіктіні азаптап өлтіру дерегі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотта абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан азаптау фактісі бойынша (146-баптың 3-бөлігі 2022 жылғы ҚК редакциясында), сондай-ақ қылмысты жасыру бойынша (ҚК 432-бабы) қылмыстық ісі қаралды.

2022 жылғы 8 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан деген күдікпен жәбірленуші М.-ны полиция басқармасының қызметкерлері Уақытша ұстау изоляторы (УҰИ) ғимаратына жеткізген. УҰИ ғимаратында өзінің қызметтік міндеттерін атқарған сотталушы Б. жәбірленушіге жарақат келтіріп, соңғысы ауруханада қайтыс болған.

Сотталушы С. осы ауыр қылмыс фактісін жасырған, — делінген хабарламада.

Прокурор Б.-ны 11 жылға бас бостандығынан айыруды, С.-ны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушінің өкілдері прокурорды қолдады.

Сотталушы Б. кінәсін мойындамады, соттан өзін ақтауды сұрады. С. кінәсін мойындап, өкінді, — делінген сот хабарламасында.

Айыпталушылардың айыпталған әрекеттерді жасаудағы кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен, куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді.

Сот үкімімен Б. ҚК-нің 146-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. С.-ға ҚК-нің 432-бабы бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталғандардан жәбірленушілердің пайдасына 15 млн теңге сомасында моральдық зиян өндірілді, — делінген үкімде.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Sputnik/Тимур Батыршин

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button