Қоғам

Кәрім Мәсімов әлі де аппеляциялық шағым түсіре алады – ҰҚК

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Кәрім Мәсімовке қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ол ҰҚК тек сотқа дейінгі алдын ала тергеу жүргізіп жатқанын айтты.

Бірінші басшы өзі қабылдауы тиіс шешімдерді қабылдаған жоқ. Бар болғаны осы. Сондықтан ол қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тергеу барысында бәрі анықталды, әрине, көп нәрсе айта алмаймын, – деді Марат Қалқабаев.

Ол Кәрім Мәсімовтің мүлкін тәркілеу мәселесіне қатысты түсініктеме бермей, шешімді сот шығарғанын және мұнымен сот орындаушылар айналысуы керек екенін атап өтті.

ҰҚК төраға орынбасарының айтуынша, ҰҚК-нің экс-басшысы мен басқа да сотталған қызметкерлер әлі де аппеляциялық шағым түсіре алады.

Іс өте құпия, құпияны ашамыз ба? Жоқ. Толық ақпарат болмайды. Қай елде болмасын құпияны қорғау туралы заң бар. Бүгінде бұл іс «өте құпия» санатқа жатқызылған. Осы қылмыстық істің барлық қыр-сырын айтатын болсам, мен ісі тергеліп жатқандардың қасына отырамын, – деді ол.

Фото: ҰҚК

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button