Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды
Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан Президентінің әкімшілігінде істеді, Үкімет төрағасы, Қазақстанның Премьер-министрі болды, — деді Ресей Президенті.
Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.
Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі