Саясат

Бақытжан Сағынтаев жаңа қызметке тағайындалды

Бақытжан Сағынтаев 2024 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы РФ Президенті Владимир Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте мәлімдеді.

2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын – біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан Президентінің әкімшілігінде істеді, Үкімет төрағасы, Қазақстанның Премьер-министрі болды, – деді Ресей Президенті.

Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды.

Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.

Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button