Оқиға

Шучье қаласында өртенген үйден анасы мен қызының денесі табылды

Ақмола облысының Щучье қаласында өртенген үйден анасы мен қызының денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Төрт пәтерлі үйдегі басқа үш отбасы қыстың көзі қырауда баспанасыз, далада қалды. Олар әзірге туысқандарын паналап жүр.

Қос қабатты үй күндізгі сағат 12 шамасында өртенген. Ағаштан салынған ескі ғимаратты тілсіз жау лезде жалмаған. Өртте үш отбасы далаға шығып үлгеріпті. Ал 64 жастағы анасы мен 39 жастағы қызының өлі денесі өрт сөндірілгеннен кейін үйіндінің арасынан табылды. Қайтыс болған екі әйел бүгін жер қойнына тапсырылды.

Ал далада қалған алты адам туысқандарын паналап кеткен. Әкімдік әр отбасына 120 мың теңгеден ғана материалдық қолдау көрсетеді, басқа көмек жоқ.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, түрлі сараптама тағайындалды.

Фото: Pixabay

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button