Оқиға

Алматыда тағы да базар өртенді

Алматыда «Береке» базарының аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі бутик өртенді.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 06:15-те оқшауланып, 06:18 кезінде сөндірілген.

Жалын аумағы — 50 шаршы метр. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

Өрт сөндірушілер өрттің жақын маңдағы нысандарға таралуының алдын алды.

Аянхан ҮМБЕТ, 

Astana IT University

2 курс студенті

Фото: ТЖМ

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button