Қуат Хамитов ресейлік файтермен жекпе-жекке шығады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкомен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Менің келесі жекпе-жегім 4 мамырда RCC MMA-да Александр Шлеменкоға қарсы өтетінін растаймын, – деп жазды «Найман» Instagram желісіндегі парақшасында.
Қуат Хамитов соңғы рет октагонға 2023 жылы мамыр айында шықты. Ол кезде қазақстандық файтер Алматыда өткен Hardcore Fighting Championsip (HFC) лигасының турнирінде Ресей өкілі Залимхан Юсуповты жеңген еді. Ал Александр Шлеменко соңғы кездесуінде сербиялық файтер Александар Иличпен кездесіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті.
Александр Шлеменко – орта салмақта Bellator титулының иегері, заманауи панкратионнан әлем чемпионы, панкратионнан Ресей Кубогының жеңімпазы.
Фото: instagram.com/kuat__khamitov