Спорт

Тоқаев Қазақстан – Грекия матчін тамашалайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Грекия матчін тамашалайды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мыңдағкн қазақстандықтармен қатар бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчінің трансляциясын тамашалайды. Президент біздің спортшыларымызды шын жүректен қолдап, жеңіске жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды деп сенеді, – дейді Берік Уәли.

Еске салайық, 22 наурызға қараған түні сағат 00:45-те Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы матчі өтеді.

Бұл матч команда үшін Еуро 2024-ке жолдама алу үшін шешуші ойын болмақ.

Фото: bassport.kz

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button