Әлем

«Үлгі емес!»: Ажырасқан әйелдерге желіде өз пікірін білдіруге тыйым салу ұсынылды

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров өзінің орынбасары Еділ Байсаловқа әйелдердің әлеуметтік желідегі отбасы туралы жазбаларын бақылауды бастауды тапсырды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Министрлер кабинетінің басшысы ажырасқан әйелдер күйеуі мен оның ата-анасы туралы жаман пікір айтпауы керектігін айтты.

Дәстүрімізге, әдет-ғұрпымызға қайшы келетін ақпаратты таратуды шектеуіміз керек. Кейбір келіндер өз әкесін мақтап, қайын атасы мен енесін жамандайды. Ал ажырасқанда, олар әлеуметтік желіде өз пікірлерін жариялайды. Үлгі емес, — дейді Ақылбек Жапаров.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 13 мыңнан астам адам зардап шексе, оның 95 пайызы – әйелдер.

Фото: dzen.ru

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button