Әлем

Дональд Трампқа тағы бір айып тағылды

Дональд Трампқа құпия құжаттарды сақтауға байланысты айып тағылды. Майами соты экс-президенттің ісін келесі аптада тыңдауы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Экс-президентке бес бап бойынша іс қозғалып отыр. Олардың арасында құпия құжаттарды заңсыз сақтау мен тергеу жұмыстарына кедергі келтіру бар, деп мәлімдеді «Хабар24» «CNN» телеарнасына сілтеме жасап.

АҚШ тарихында федеральдық прокурор бұрынғы мемлекет басшысына алғаш рет айып тағып отыр.

Саясаткер қылмысын мойындамады.

Фото: Carlos Barria/Reuters

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button