Президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.
Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған, — делінген хабарламада.
Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Фото: Ақорда