Саясат

Президент Маңғыстау облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған ақпарат бойынша, мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған, – делінген хабарламада.

Кездесу соңында мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button