Белгілі исламтанушы Нұрлан имамды пәтуа шығара алмайды деп айыптады
Белгілі исламтанушы, теолог Асқар Сабдин «Адал адам» подкастына берген сұхбатында Нұрлан имам Байжігітұлын пәтуа шығаруды дұрыс меңгермеген деп айыптады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұрлан имам пәтуа шығарудың жолдарын дұрыс меңгермеген. Бұған қатысты көптеген видео факті жетерлік. Қателік жасалуы мүмкін. Бірақ бұрысы дұрысынан көп болса, пәтуа беруге тыйым салынады, — деді ол.
Теолог дінде охлократия деген үрдіс жалғасып жатқанын айтты.
Тобырдың талабына сәйкес ғалымдардың, діни өкілдердің әрекет етуі. Тобыр сізден эмоция сұраса, эмоция бересіз. Тобыр сізден норма сұраса, сіз норманы бересіз. Жеңіл түсіндірем деп жүргенде норма шығару бетімен кетуі мүмкін. Бәрі норманы өз қалауынша шығарып кетеді. Бұл ханафи масхабында жоқ дүние. Ол шет елден келген әдіс-тәсіл. Кез келген адамға, қатардағы жүрген сарбазға генерал погонын тағу деген сөз. Тұлғалар маңызды емес, тренд қазір маңызды. Кейде мағынасыздық адамдар үшін маңызды болады, — деді Асқар Сабдин.
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев