Аймақ
Гүлдің ақшасын төлемей аты шыққан экс-полицей әпкесінің телефонын тартып алды (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде әйелдің телефонын тартып алып, қайтарудан бас тартқан ер адамның видеосы тарады. Видеодағы диалогтан ол ер адамның былтыр Шымкентте дүкеннен гүл алып, ақысын төлемей кеткен экс-полицей екенін аңғаруға болады, деп хабарлайды «Отырар» басылымы.
Былтыр 8 мамырда ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен еді.
Тұран АПБ-ның 102 арнасына қоңырау түскен. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында учаскелік инспекторларға ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.
Ал видео кейіпкері 19 мамырда өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған.
Видео әлеуметтік желіден алынғаны хабарланады.
Фото: видеодан скрин