Аймақ

Алматы әкімдігі шенеуніктеріне 161 айыппұл салынды

Алматыда мемлекеттік сатып алуларды жүргізу барысында заңбұзушылық жасағаны үшін бұрынғы аудан әкімі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қала прокуратурасына сілтеме жасап.

Алматы прокуратурасы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру барысында жергілікті атқарушы органдар жіберетін заңбұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, мемлекеттік сатып алуға қатысушыларда сәйкес рұқсаттың (лицензия) болуына қарамастан, тапсырыс беруші (ұйымдастырушы) олардың конкурстық өтінімдерін негізсіз кері қайтарған, егер олар конкурсқа жіберілгенде, 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын үнемдеуге болатын еді.

Көрсетілген құқық бұзушылықтар үшін бұрынғы аудан әкіміне 9.2 миллион теңге әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына 43.3 миллион теңгеге 161 әкімшілік айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Басқа жағдайда, тапсырыс берушілердің бірі конкурс жариялау кезінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді біртекті түрлері мен оларды жеткізу орны бойынша бөлмеген, осылайша ірі кәсіпкерлерге артықшылық бере отырып, шағын және орта кәсіпкерліктің әлеуетті өнім берушілерін конкурсқа қатысудан шектеген».

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша конкурстың күші жойылды және мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілердің тең шарттары сақталуына сәйкес қайта өткізілді.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап прокурорлардың актілері бойынша 10 миллиард теңгеден астам сомаға конкурстар тоқтатылды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button