Аймақ

Ақтөбедегі шахтадағы жарылыс: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Облыстық Полиция департаменті сутегі шығарындысы болғанын, соның салдарынан төрт адам термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілгенін айтты.

Бүгінде тау-кен немесе құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқиға салдарынан төрт жұмысшы аудандық ауруханаға жеткізілді. Екеуі травматология бөліміне жатқызылды, біреуі үйіне жіберілді, ал біреуі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде, – деп хабарлады медицина қызметкерлері.

«Казхром» компаниясының мәліметінше, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасындағы өндірістік блокта бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде ауа ортасының қысқа мерзімді тұтануы болды.

Оқиға салдарынан төрт жұмысшы түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті барлық медициналық көмек көрсетілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып, себептері жойылғанға дейін шахтадағы өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылды», – деп хабарлады «Қазхром» компаниясы.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында «Қазхром ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында жарылыс болып, төрт адам ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.

Фото: freepik.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button