Мәдениет

Досымжан Таңатаров басшылық қызметке тағайындалды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Досымжан Таңатаров Астанадағы Жастар театрының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Жастар театрын актер Әділ Ахметов басқарған болатын.

Досымжан Таңатаров 1975 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында дүниеге келген.

«Мәдениет қайраткері», «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері».

Ол 2000 жылдан бастап ҚР Республикалық гвардиясында, ҚР Мемлекеттік күзет қызметі ансамблінің солисі, Президент оркестрі жетекшісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2021 жылдан бастап Жастар театры директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button