Қоғам

Елордада ер адам көпірден секірмек болған

Астанада ер адам көпірден секіріп, өлмек болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше таңғы сағат 8 шамасында ЖБО-ның «102» арнасына оқиға куәгерлерінен Янушкевич көшесінің бойындағы көпірден ер адамның секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына дер кезінде жеткен патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жақын маңда кезекшілікте болған.

Полицейлер оқиға орнына жеткен кезде ер адамның аяғының көпірдің таянышында салбырап тұрғанын байқаған. Полиция қызметкері Серғазы Баянбаев жағдайды бағалап, тез жүгіріп барып, ер адамды ұстап алып, оны қауіпті аймақтан алып шықты. Алайда ер адам өзін жөнсіз ұстап, полицейдің қолынан босаған. Сол мезетте көмекке оның серіктесі Айдос Сүлейменов жүгіріп келді. Олар ер адамды жұбатып, оны Алматы ауданының Полиция басқармасына жеткізді, — делінген хабарламада.

31 жастағы ер адамды мұндай ағат қылыққа не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Фото: egemen.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button