Қоғам

Жамбыл облысында 8 жыл бұрын салынған мектептің едені опырылып түскен (ВИДЕО)

Жамбыл ауданындағы Қонаев атындағы ауылдағы мектеп қабырғаларында жарықтар пайда болып, едені опырылып түскен. Балалардың қауіпсіздігі үшін ғимараттың бір бөлігін жабуға тура келген, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

24.kz сайтының мәліметінше, бастауыш мектеп блогының кіреберісіне ескерту қағазы ілінген. Дәліздегі едендер опырылып, тереңдігі 50 см дерлік шұңқыр пайда болған.

Екі қабаттағы 7 кабинет  жабылып үлгерді. Ата-аналар мен мұғалімдер балаларының қауіпсіздігі мен денсаулығына алаңдайды.

Біз балалардың барлығын осы негізгі қанатқа көшірдік. Оларды әдістеме кабинетіне, кітапханаға, директор кабинетіне, психолог кабинетіне орналастырдық. Оқу үдерісі өз деңгейінде өтуі үшін қабырғаларға  тақта ілдік. Бұл барлық балалар мектепке келіп оқиды деген сөз. Екі сыныпты екінші ауысымға ауыстырдық. Жұмысымызды  мектеп басшылығы, аудандық білім бөлімі көріп отыр.   Мүмкін, еріген қар суының әсері ме? Мүмкін әлі істеп тұрған батареялардан ба?, – дейді Д.Қонаева ауылындағы № 5 орта мектеп директорының орынбасары Гүлзира Қожахметова.

Қабырғалар ағаш еденнен 15 см көтеріліп кеткен, олардың бойымен жарықтар пайда болған. Мектепке небәрі 8 жыл болса да, мұндағы мәселелер былтыр басталған. Басшылықтың айтуынша, көтеріліп кеткен еден оқу үрдісін тоқтатпау үшін  бірден жөнделген. Бұған 9 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Дегенмен мәселенің бұнымен шешілмейтіні анық.

Өткен жылы олар жөндеу жұмыстарын жүргізді, бірақ қазір тағы да проблемалар туындады. Қайта құру жұмыстарын жүргізген мердігер компанияны тартамыз. Барлық қажетті құрылыс материалдарын сатып алдық, – дейді  Т.Рысқұлов атындағы аудандық білім бөлімі секторының меңгерушісі Бауыржан Самылтыров.

Бұл жолы бастауыш білім беру блогын ғана емес, киім ауыстыратын бөлмені де жөндеу қажет болады.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button