Орташа айлық жалақысы жоғары өңірлер аталды
Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңге болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Сарапшылардың мәліметіне сәйкес, орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі:
құрылыста – 34,5%,
ақпарат және байланыста– 30,3%,
тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.
Ал нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.
Өңірлік бөліністе 2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсім Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.
Атаулы мәнде Атырау облысындағы ең үлкен жалақы мөлшері – 618 420 теңге, ең төменгі жалақы мөлшері СҚО-да – 241 102 теңге.
Фото: aikyn.kz