Экономика

Қазақстандық мұнай өндірісінің 34,4%-ы – АҚШ пен Ресей еншісінде

2023 жылы Қазақстанда қанша мұнай өндірілгені және елдегі «қара алтынды» қай мемлекет игеріп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда 89,9 миллион тонна мұнай өндірілген. «Қара алтынның» 33,1%-ы Қазақстанға тиесілі. Ал АҚШ пен Ресей өндіріп отырған мұнай көлемі жалпы өндірістің 34,4%-ын алады.

Министрлік ұсынған тізім мынадай:

  • АҚШ – 30,9%;
  • Еуропа – 18,4%;
  • Қытай – 11,4%;
  • Ресей – 3,5%;
  • басқалары – 2,7%.

Сондай-ақ ведомство кейінгі бір жылда мұнай өндіру бойынша Атырау облысының көш бастап (58,6%) тұрғанын атап өтті. Екінші және үшінші орында Маңғыстау (18,5%) және Батыс Қазақстан (13,65%) облыстары тұр.

Мұнай өндіруден алғашқы бестікке Ақтөбе облысы (5,1%) мен Қызылорда облысы (4,1%) кірсе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары алтыншы орынды бөлісті.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button