Әлем

Пәкістанның бұрынғы Премьер-министрі тұтқындалды

Исламабадта Пәкістанның бұрынғы Премьер-министрі және «Әділет қозғалысы» оппозициялық партиясының төрағасы Имран Хан тұтқындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz TACC порталына сілтеме жасап.

Саясаткер «Аль-Кадир траст» қорының қаражатын мақсатсыз ысырап ету ісі аясында қамауға алынды.

Еске сала кетсек, Пәкістанның бұрынғы Премьер-министрі Имран Хан 2022 жылдың 10 сәуірінде қызметінен босатылды.

Қазіргі уақытта Пәкістан соттарында оған қатысты түрлі айыптар бойынша қылмыстық істер қозғалған.

Фото: qafqazinfo.az

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button