Әлем

Ыстамбұл орталығында Тоқаевтың ФИФА басшысымен түскен суреті пайда болды (ВИДЕО)

Ыстамбұл орталығында Қасым-Жомарт Тоқаевтың ФИФА басшысы Джанни Инфантиномен түскен суреті пайда болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  

Ыстамбұл орталығындағы жарнама экранында Қазақстан Президенті мен Халықаралық футбол федерациясы басшысының Астанада өткен кездесуде түсірілген суреті пайда болды.

ФИФА Қазақстанда футболдың дамуына көмектеседі, – деп түрік тілінде жазба жазылған.

©️ 

Tengrinews.kz фототілшісі Тұрар Қазанғапов Ыстамбұл орталығында, Айя-София мешітінен алыс емес жерде орналасқан жарнама экранын суретке түсіріп алды. Бұл жерден күн сайын туристер мен жергілікті тұрғындар легі өтеді.

Еске салайық, 3 мамырда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен ФИФА басшысы Джанни Инфантино қазақстандық футболдың әлеуетін арттыру және жасөспірімдер спортын дамыту мәселелерін талқылаған болатын.

Фото-видео: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button