«Арыстанбек Мұхамедиұлы 5000 доллар сұрады»: Алмат Сақатов атақ ала алмай жүргеніне өкпелі (ВИДЕО)
Танымал актер Алмат Сақатов мемлекет тарапынан еленбей жүргеніне қынжылыс білдіріп, бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы үшін 5 мың АҚШ долларын сұрағанын айтты, деп жазады Qazaqinfo.kz.
Актер бұл ойын «Базарlike» бағдарламасында білдірген.
Негізі атақ алғым келмейді, егер бере қалса бас тартпаймын. Пендеміз ғой, кейбір кезде кеше ғана сахнаға шығып, алты өлең айтып жүргендердің ішінде ел білетін үш әнші «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деген атақ алып жатады. Бір концертте “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” деп хабарлағанда 25-26 жастағы бала шығады. 30 жыл сахнада жүрмін. «Бауыржан шоуда» жүрдік, қиын кезде жүрдік, қаншама киноға түстік, спектакльдер қойдық, тележобаларға қатыстық, бірақ атақты сатып алу керек. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағының құны Арыстан Мұхамедиұлы бастық болып тұрған кезде 5000 доллар болды. Маған: «5000 доллар бересің, ертең осы атақты алып беремін» деп ашығын айтты. Алмаймын, ол ақшаға ешқандай пайдасы жоқ. Оған бергенше бала-шағама берейін ол ақшаны, — дейді актер.
Фото: ашық дереккөз