Мәдениет

«Уәкең бәрін бір жұдырықта ұстағысы келеді»: Белгілі актер «Шаншар» театрынан неге кеткенін айтты (ВИДЕО)

Белгілі актер Мәлік Әбдіраман БазарLike бағдарламасына берген сұхбатында «Шаншар» театрынан неге кеткенін айтты, деп жазады Qazaqinfo.kz.

«Бауыржан шоу» теартынан кеткен соң, «Шаншар» ұжымына кірдім. Ол жерде бір жыл істедім. Көп тұрақтамадым. Себебі мен Алматыда тұрсам, «Шаншар» Шымкентте жұмыс істеді. 12 мың теңге айлық алатынмын, бірақ ұшақпен барып-келуіме 50 мың теңге кетіп қалды. Былайша айтқанда, болмады. 2004 жылдар еді бұл. «Кетем, Уәке (Уәлибек Әбдірайымов — ред.)», — дедім. «Айлығыңды ал да, кете бер», — деді. Уәкең бәрін бір жұдырықта ұстағысы келеді. Ал мен еркін жүріп қалған адаммын. Көне бермеймін. Барлығымыз тығылып бір пәтерде жатамыз. Ал мен ақшам бар, қонақүйге кетіп қаламын. Сол кездерде: «Мені тыңдамай неге қонақүйге кетесің. Рұқсатсыз кететін кімсің?!» — деген әңгімелер болды. Енді бір бөлмеде қаншама адам жатамыз. Дәретханаға кезек. Ақшам бар ғой, неге өзімнен аяуым керек?! Осындай ұсақ-түйек кикілжіңдер болды. Енді мен жұмысқа ішіп келіп жатқам жоқ. Кешігіп жатқам жоқ. Ақшам бар. Бірінші Алла, екінші тойдан әкелген ақшам бар, шүкір, — деді актер.

Фото: БазарLike

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button